19 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты
"Қазгидромет" елдің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Шымкент, қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары бар.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты елдің бес өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылған.
"Шұғыл жұмыстарға төтенше жағдай министрлігі мен ішкі істер министрлігі жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 611 адам және 321 бірлік техника жұмылдырылған. Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті дайындалды, онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды.
ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялаған. 20 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір