• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:41:23
Алматы
+35°

20 ақпан күні Байқоңырда жоғалып кеткен сегіз жасар Ерхан Анастың неден қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Ресей Федерациясы тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу комитетінің мәліметінше, 21 ақпанда Байқоңыр қаласынан 500 метр қашықтықта мұз жиегінен Ерхан Анастың мәйіті табылған.

"Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдары сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеттердің жасалғаны туралы деректер жоқ " делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екінші баланы іздеуге Байқоңыр қаласының тұрғындары, авиациялық техника, сүңгуірлер және еріктілер жұмылдырылып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір