15 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бңілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда тарихшы-ғалымдармен және тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесіп, президент Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында міндеттеген тапсырмаларын орындау барысын талқылады. Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында жазды.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, сондай-ақ Қазақстан тарихы пәні бойынша бірыңғай оқулықтарды дайындауды тапсырғанын атап өтті.
– Ғалымдармен және мұғалімдермен Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, Қазақстан тарихы бойынша базалық мектеп оқулығын дайындаудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелері, мектептерде тарихты оқыту проблемалары, оның ішінде үлгілік бағдарлама дайындау туралы мәселелер талқыланды. Бұл ортақ жұмыстың маңызы зор. Бұл жұмыста науқаншылдық пен асығыстық болмау керек екені де түсінікті. Біздің министрлік тарихшы ғалымдар мен мұғалімдердің айтқан ұсыныстары мен идеяларын ескеретін болады. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмысқа барлық тарихшыларды қатысуға шақырамын. Өз ұсыныстарыңызды Ғылым комитетінің корпоративтік поштасына [email protected] жіберуді сұраймын, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір