31 Наурыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Алиев облыста карантин шараларының күшейтілетінін хабарлады.
"2021 жылдың 31 наурызы "Павлодар облысы аумағында карантин шараларын шектеу туралы" №8 қаулығы өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін" делінген бас санитар жариялаған құжатта.
Аталған қаулыға сәйкес:
- Ашық және жабық ғимараттарда отбасылық, ойын-сауық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), адамдар көп жиналатын (митингілер, шерулер, жиналыстар) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клуб, боулинг орталықтары) қызметіне тыйым салынады;
- фудкорттардың, банкет залдарының жеткізу және өзімен алып кету қызметіне ғана рұқсат беріледі;
- қалааралық, ауданаралық автобустардың, шағын автобус жолаушылар тасымалының жұмысына рұқсат беріледі;
- кеңестерді қашықтан өткізу мүмкіндігі болмайтыны дәлелденген жағдайда ғана көзбе-көз өткізуге рұқсат беріледі;
- мәдениет объектілеріне адам санын 50-ден асырмай қызмет етуіне рұқсат беріледі;
- Қазпошта филиалдары жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі демалыс;
- отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға, сонымен қатар, жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа іс-шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салынады.
Осы қаулы 31 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір