01 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: "Ұзын құлақ" instagram парақшасы
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловтың ішімдікке мас болып, жанжал шығарғаны хабарланды. Бұл туралы "Ұзын құлақ" instagram парақшасы жазды.
Жарияланған ақпаратта мәдениет басқармасының басшысы қаладағы караокелердің бірінде Анастасия есімді бойжеткенмен сөйлесіп, екеуі Жұмағұловтың үйіне баруға келіскені туралы айтылады. Алайда үйге кіреберісте бойжеткен ішкі кіруден бас тартқан, Жұмағұлов оған көнбеген. Қорыққан бике полиция шақырмақ болғанда, Жұмағұлов оның телефонын тартып алған. Болған жайтты көрген көршілер полиция шақырған.
Полиция көшеде алкогольдік сусын ішкені, мас жағдайда қоғамдық орында жүргені үшін оқиғаның екі қатысушысына хаттама толтырған.
Желідегі парақшада бұл Мирас Жұмағұловтың алғашқы жанжалы еместігін, Serebro ресторанындағы жанжалда да аты аталғанын жазды.
Ал ratel.kz сайты Жұмағұловпен сөзге келіп қалған бойжеткен де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері екенін хабарлады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір