• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:56:07
Алматы
+35°

Аи 92 маркалы бензиннің литрі кей өңірде 200 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлады ktk.kz сайты.  

Жыл басынан бері АИ 92 отынының литрі 20-30 теңгеге, АИ 95 маркалы 5 теңгеге өскен.

Бензин тапшылығы елдің басқа өңірлерінде де байқалады. Экономистер бензин бағасының өсуі азық-түліктің құнына кері әсер етуі мүмкін деп отыр. Жұрт жиі тұтынатын АИ 92 маркалы бензиннің литрі бірден 168 теңгеге көтерілген. 

Атырауда бензиннің құны рекордтық көрсеткішке жетті. Наурыз айында литрі 142 теңгеден сатылған АИ-92 маркалы жанармай, кей бекеттерде 200 теңгеге саудалануда. Мұнайлы өлкеде жыл басынан бері бензин құны 33 теңгеге көтерілген. Бұған, Атырауда мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. 

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының да жұмысы уақытша тоқтаған. Сарапшылар сұйық отынның бағасына осы фактор да әсер еткенін айтуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір