• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:45:23
Алматы
+13°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Рамазан айы қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Денсаулығының нашарлауына қатысты кішкене шағымдар болған кезде, оразаны тоқтатып, медициналық көмекке жүгінген жөн. Денені қатты сусыздануға ұшыратпау және теңгерімді диетаны ұстануға тырысу маңызды, – деді Цой.

Министрдің айтуынша, вакцинация – оразаны бұзбайды.

– Екінші жылы бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті айды пандемия жағдайында өткізеді. Бірлескен Жұма намаздары алынып тасталды, ауызашар өткізуге шектеу қойылды. Біз осы сынақтарға түсіністікпен және шыдамдылықпен өтетінімізге және туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті ережелерді ұстанатынымызға сенімдімін, – деп жазды денсаулық сақтау министрі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір