• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 23:02:03
Алматы
+35°

Ол мектепте оқығанда өзін ақымақ сезінді. Үлгерімі нашар болған соң, өзіне сенімі жоғалып, соңы жалғыздыққа ұласты. Басқалардан бөлектеніп, депрессияға түсті. Мұны байқаған әке-шешесі оны дәрігерге және психологтарға апарып жүрді.

Бірде ол әке-шешесіне актерлік шеберлік курсына барғысы келетінін айтты.

Ол курсқа барған соң ғана өзінің қорқынышы мен сенімсіздігі жоғала бастағанын білді. Ол сол кезде өзін алғаш рет ақылды сезінгенін айтты. Ол оған дейін өзін мүлде қадірсіз, құнсыз адам ретінде ойлап, өмірден күдер үзген кезін еске алды.

Ол сценарийді оқығанда, кейіпкердің не айтпағын, ішкі сезімін біліп тұрғандай сезінді. Осылайша ол өзінің әлемін тапты.

Ол 14 жасында орта мектептен шығып қалып, актерлік жолға түскен Дженнифер Лоуренс еді.

Дегенмен оның Нью-Йоркте басталған мәнсап жолы оңай бола қоймады. Нью-Йоркте өз мамандығын дамыту үшін, қаржылық қиындық көріп, тышқандар өріп жүретін, ыстық суы да жоқ бөлмеде тұруына тура келді. Тышқандар бөлмедегі нанды жеп қоятын. Лоуренс нанның тышқан жеген жерлерін кесіп, таза жерін жеген күндер де болған. Ол кезде қаржылық қиындықта өмір сүргендіктен, нанды лақтырып жіберу оған үлкен шығын еді.

Ал бүгін Дженнифер Лоуренс Голливудта 4 рет академиялық марапат алған ең жас актриса. Ол Оскардың ең үздік актрисасы сыйлығын 22 жасында алған. Ал оның табысы 130 миллион доллар. Сөйтіп ол ең табысты, ең талантты, ең жас актриса болды.

"Ағашқа өрмелеу қабілеті арқылы бағаласа, балық өзін өмір бойы топас сезініп өтеді" деген екен атақты физик Альберт Эйнштейн. Адамдардың әр түрлі нәрсеге таланты болады. Сол талантты аша білсе, барлық адам өз әлеуетін көрсете алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір