19 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Көрнекі сурет
Ashyq қосымшасында "қызыл" статусқа ие деп көрсетілген азаматтар, қоғамдық орындарға барғаны үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы елдің санитарлық-гигиеналық бақылау және тамақтану, тәрбие мен білім беруді қадағалау бөлімінің бастығы Марал Рахымжанова хабарлады.
Марал Рахымжанова ПТР арқылы оң нәтиже көрсеткен адам, симптомсыз болса да инфекцияны таратуы мүмкін екенін, сондықтан оны әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.
– Қолданыстағы заңнамада әкімшілік кодексте айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту туралы баптар қарастырылған. Егер 425-бап бойынша болса, онда 25 АЕК, егер 431-бап бойынша болса, онда 5 АЕК бар, – деді бөлім басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір