28 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Атырау облысында анасы төрт айлық баласын пышақтап өлтірген. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны өз баласын қатты жылағаны үшін өлтіргенін мойындаған. Ол сәбиге ас үй пышағын бірнеше рет сұққан.
Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
– Қазір күдікті ұсталды. "Адамды дәрменсіз күйде екенін біле тұра оны өлтіру" факты бойынша (ҚҚ 99-бап 2-тармақ 3-тармағына) сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір