• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:11:58
Алматы
+12°
Бразилияда пандемияға байланысты өлім саны 400 000-нан асты. Бұл әлемдегі екінші көрсеткіш. Ел вакциналауды жалғастыруда. Дегенмен, оның баяу жүріп жатқаны хабарланды.
 
Сәуірдің басында вирустан 4000-нан астам қайтыс болып, ең жоғары шекке жеткен.
 
Бразилия конгрессі үкіметтің пандемиямен жұмысына қатысты тергеу бастады. Локдаунға, маска тағуға қарсы ой айтқан және дәлелденбеген дәрі-дәрмектерді вирусқа қарсы қолдануды жиі айтып жүрген президент Джаир Болсонаро кеңінен сынға ұшырап, оның қолдауы күрт төмендеді.
 
Аурудың таралуына вирустың трансмиссивті нұсқалары және ұлттық шаралардың үйлестірілмегені түрткі болған. Жағдай көптеген салаларда, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі күйреуге жақын тұрған жерлерде, штаттар мен қалалар шектеулер енгізгеннен кейін жақсарды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бразилия пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір