• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:17:23
Алматы
+12°

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепке болған атыста қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Қаза тапқандардың денесі туыстарына ертеңгісін берілген. Бұл туралы Россия/Татарстан сайты жариялады. 

Қайғылы оқиғадан 9 адамды қайтыс болған. Олардың жетеуі сегізінші сынып оқушысы, 4-еуі ұл, 3-еуі қыз бала. Көз жұмғандардың 2-еуі мұғалім. Тағы 20 адам жарақат алған. Оның ішінде 18-і бала, 2-еуі ересек адам.

Қайтыс болған 4 ұлдың бірі мұсылман зиратында жерленді. Эпидахуалға байланысты соңғы сапарға шығарып салуға туыстары ғана келген. 

Екінші ұлды жерлеу Татарстан Республикасы Высокогорск ауданындағы Большие Ковали ауылында өтіп жатыр. Оның анасы шабуыл жасалған мектепте татар тілінен сабақ береді.

Қайтыс болған 25 жастағы мұғалім Эльвира Игнатьева да жерленді. Бұл туралы REN TV сайты хабарлады. Ол атыс басталғанда, дәлізге шыққан кезінде 19 жастағы Ильназ Галявиев атып тастады. 

Мұғаліммен қоштасуға ондаған адам келді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір