01 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласында Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға 31 мамыр сағат 17:30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, 25-30 жастағы ер адам көлде орнатылған тыйым салу белгілеріне қарамай, суға түскен. Алдын ала болжам бойынша ол бір топ адаммен ішімдік ішкен.
Сүңгуірлер ер адамды кешеден бері іздестіріп, бүгін денесі көлден табылғанын хабарлады.
"Мәйіт табылды, қазіргі кезде ер адамның аты-жөні анықталып жатыр" делінген департамент таратқан мәлімдемеде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір