17 Маусым, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Қытай елдің жаңа ғарыш станциясына адамдар жіберу жобасын бастап, үш ғарышкерді орбитаға шығарды.
Ни Хайшэн, Лю Боминг және Тан Хунбо атты қытайлық үш ғарышкер үш ай бойы қытайдың ғарыш станциясында Жерден 380 км биіктікте жүруі керек.
Бұл Қытайдың осы уақытқа дейінгі ең ұзаққа созылатын экипаждық ғарыштық миссиясы және соңғы бес жылдағы алғашқы жобасы.
Ұшылырым болып, жеті сағаттан кейін экипаж ғарыш станциясымен сәтті қосылды.
Қытайлық миссияны бақылау орталығы тарихи сәтті құттықтады.
Бейсенбіде Қытайдың "Long March 2F" зымыраны арқылы "Шэньчжоу-12" деп аталатын капсуласы ғарышқа көтерілді.
Ғарыш кемесі Гоби шөліндегі ұшыру орталығынан Бейжің уақытымен 09: 22-де ұшты.
Осы жолғы ұшырылым және одан кейінгі миссия Қытайдың ғарыш кеңістігіне деген сенімі мен мүмкіндігінің артуының тағы бір дәлелі.
Соңғы алты айда Қытай Айдың бетінен тас пен топырақ сынамаларын Жерге қайтарып әкелді және Марсқа алты дөңгелекті роботты қондырды. Бұл өте қиын және күрделі технологиялық жетістік.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір