• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:04:54
Алматы
+35°

Демократиялық партия бастамашыл тобы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын ұсынды. Жоба 11 бөлім, 138 баптан тұрады. Белсенділер Жанболат Мамай мен Төлеген Жүкеев баспасөз жиынын өткізіп, жобаны таныстырды.

Бастамашыл топ жетекшісі, белсенді Жанболат Мамай Қазақстанда халық конституцияға, заңдарға сенбейтінін, қолдағыстағы 1995 жылғы конституцияға көптеген көптеген өзгеріс енгізілгенін атап өткен.

Сөздерінше, ұсынылып отырған жоба өркениетті, дамыған елдердің конституциясына, заңдарына негізделіп, көптеген өзгерістермен толыққан. Белсенді солардың бірі ретінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі абсолютті және оған қол сұғылмайды. Қазақстан Республикасы қандай да одақтық, конфедеративтік және басқа да кез келген квазимемлекеттік құрылымдардың мүшесі болмайды" делінген 4-бапты атап өтті.

Сондай-ақ белсенділер 8-баптың 3-тармағына сай "Қазақстан Республикасының азаматтары билікті узурпациялауға ұмтылған және оны заңсыз ұстауға тырысқан кез келген адамға қарсы тұра алады" деген нормаға екпін жасады.

Жобада бұдан өзге төмендегідей ірі ұсыныстар бар:

♦ Биліктің барлық тармақтары заңнамалық, атқарушы және сот ұстанымы бойынша бөлінеді, бір бірін шектейді. Заңнамалық билікті Қазақстан Республикасында Ұлттық Құрылтай жүзеге асырады, атқарушы билік – үкіметте, сот билігі – сотта. 

♦ Жер тек қана мемлекет меншігінде болады.

♦ Діни ұйымдар саяси процестерге араласуға, қандай да саяси күш үшін үгіт насихат жүргізуге және оны қаржыландыруға құқы жоқ.

♦ Қазақстан Республикасы мемлекет аумағынан тыс өмір сүретін этникалық қазақтарға қолдау көрсетеді және олардың тарихи Отанымен байланысын қамтамасыз етеді.

♦ Қазақстан Республикасының Қарулы күштері саяси мақсатта бейбіт азаматтарға қарсы қолданылмайды, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің қарулы күштері орналастырылмайды.

♦ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан Республикасы орыс тілін және басқа этникалық азшылықтардың тілдерін сақтауға құқық береді.

♦ Қазақстан Республикасының астанасы Алаш-Орда қаласы болып табылады.

♦Қазақстан Республикасы мемлекет аумағынан тыс өмір сүретін этникалық қазақтарға қолдау көрсетеді және олардың тарихи Отанымен байланысын қамтамасыз етеді. Әрбір этникалық қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы болмаса да және Қазақстан Республикасы азаматымен тікелей туыстық қатынаста болмаса да, егер өзінің шығу тегін дәлелдей алса, Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алады.

♦ Ұлттық Құрылтай Қазақстан Республикасы билігіндегі жоғарғы заң шығарушы және өкілетті орган болып саналады. Ұлттық Құрылтай тең жартысы тепе-теңдік жүйесі арқылы, ал келесі жартысы – бір мандатты аймақтық округтерде сайланатын бір жүз жиырма депутаттан тұрады. Ұлттық Құрылтай депутаттарының өкілет мерзімі төрт жыл. Ұлттық Құрылтайға сайлау жалпыға ортақ, ашық, тепе-тең, төте  және құпия дауыс беру арқылы өтеді.

♦  Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеті бес жылға созылады. Бір адам Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтара сайлана алмайды. Қазақстан Республикасының азаматтары өзін өзі Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат ретінде ұсына алады.  Президент өз өкілетін атқаратын мезгілде саяси партия мүшесі бола алмайды.

Белсенділер жоба бойынша референдум өткізуге мүмкіндік бермейтінін, бірақ сонда да жобаны талқылауға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір