23 Маусым, 2021 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери салада бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Президент өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Мереке Мәтімұлы Күшікбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды,
Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды" делінген жарлықта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір