24 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жаңадан вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілетінін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
– Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-тен астамы вакциналануы қажет. Санитар дәрігерлер қосымша карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакциналау міндетті, вакциналанбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру талап етіледі, – деді әкім.
Көлгінов қала тұрғындарын вакцинацияға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылатынын атап өтті.
– Жаңадан вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.
Ал пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз, – деді қала басшысы.
Бұған дейін елорда әкімі "MEGA Silk Way" сауда ойын орталығында вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір