• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:35:09
Алматы
+12°

2021 жылғы қыркүйек айында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, колледждерде, арнайы және әскери жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестация басталады. Бұл туралы білім және ғылым  министрлігі хабарлады.

– Мемлекеттік аттестация профилактикалық бақылау үлгісінде өткізіледі. Негізгі мақсат жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын орындау шараларын қадағалау. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек беріледі, – деді білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева. 

Аттестациялық комиссия бірыңғай республикалық реестрге кіретін сарапшылардың тізімі негізінде жасақталады. Ал тексерістің өзі қашықтан өтеді. Сарапшылар білім беру ұйымына бармайды. Олар білім беру ұйымдары жіберген құжаттардың электрондық нұсқасы негізінде өз бағасын береді.

– Атап айтқанда, оқушылардың білім деңгейі бағаланады, кешенді тестілеу өткізіледі. Ата-аналар арасында сауалнама ұйымдастырылады. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасалады.

Бұл – халықаралық тәжірибе. Ол да бақылаудың бір механизмі, ондай шара білім беру ұйымының дербестігін ынталандыруға, сондай-ақ, білім беру жұмысын жетілдіруге бағытталған, –деді Гүлнәр Ермекбаева.

Оқушылардың білімін бағалау аясында тестілеу жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда – екі пән, негізгі орташа білім үшін үш пән, ал жалпы орта білім алушылары төрт пән бойынша тест тапсырады.

Кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында екі салалық пән бойынша тестілеу ұйымдастырылады. Ал мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу аясында ата-аналар арасында сауалнама жүргізіледі.

Министрлік өкілі бес жылдың ішінде барлық білім беру ұйымы балабақша, мектеп, колледж, арнайы және әскери жоғары оқу орындары да мемлекеттік аттестациядан өтетіні жоспарланып отырғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір