15 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ақжайық сайты
Атырау облысында ірі жол апаты болып, бір әйел тірідей жанып кеткен. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлады.
Қайғылы оқиға 14 шілде күні болған. Атырау-Астрахан трассасында Тoyota Ipsum мен Toyota Highlander көлігі соқтығысқан.
Салдарынан көліктердің бірі өртеніп, жолаушы әйел көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кеткен. Сондай-ақ 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағына (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) сай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір