19 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы-Жалаңашқұл тас жолында жол апаты болып, салдарынан жүргізушілердің әйелдері мен балалары оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Жол апатының видеосы osa_uka_vko Instagram парақшасында жарияланды.
"Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ Лада жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Мақаншы аудандық ауруханасына жатқызылды" делінген департамент таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір