• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 19:07:19
Алматы
+32°

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауы тауы Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адамды тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр" делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, М. Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып шыңды бағындырғанын, дегенмен оған көмек қажет екенін және  өздігінен түсе алмайтынын айтқан. Кейін байланыс үзіліп, жедел құтқарушылар тобы іздеуге шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір