03 Тамыз, 2021 Спорт
Фото: olympic.kz
Бокстан Токио олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов бүгінгі жекпе-жегі ауыр өткенін айтты, деп хабарлады olympic.kz сайты.
– Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундтан басымдық танытқаныммен екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіме жақындатып алдым. Негізі қарсыласым лас жұдырықтасады екен. Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес, – деді боксшы.
Ол келесі қарсыласы ұлыбританиялық боксшымен спарринг кездесулер өткізгенін, бірақ ресми түрде кездеспегенін айтып, алдағы жекпе-жекте жеңіске жету үшін бар күшін салатынын жеткізді.
52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір