06 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: qamshy.kz
Токио олимпиадасында еркін күрестен екі палуанымыз ширек финалдан аса алмады, деп хабарлады olympic.kz сайты.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді. Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті. Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзірбайжан өкілі жартылай финалға шықты.
Ал Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады. 97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір