• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:44:58
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден Қытайдың Гонконг қаласының мыңдаған тұрғынына "қауіпсіз баспана" ұсынылатынын мәлімдеді.

Байден "Қытай билігі Гонконг тұрғындарының бостандықтарын бұзғандықтан, АҚШ-қа келетін Гонконг азамтаттарына 18 ай бойы осында тұруға рұқсат беріледі" деді.

Өткен жылы Қытай билігі Гонконг тұрғындары үшін қауіпсіздік заңын қабылданғаннан кейін Лондон оларға Ұлыбританияда тұрақты тұруға жол ұсынған болатын.

Бейжің қабылдаған жаңа заң бойынша кейбір Гонконг азаматтарының демократиялық талаптары "сепаратизм, диверсия, терроризм және сөз байласу әрекеттері" ретінде қарастырылады.

Байден "Қытай демократиялық процестер мен институттарға нұқсан келтіріп, академиялық бостандыққа шектеу қойып, баспасөз бостандығына қысым жасап жатыр" деді.

Байден жаңа қауіпсіздік режимі кезінде белсенділер мен оппозициялық саясаткерлерді қосқанда 100-ден астам адамның тұтқындалғанын айтты.

Алайда, Қытайдың Вашингтондағы елшілігінің өкілі Лю Пенгю АҚШ үкіметінің "фактілерді елемеуге және бұрмалауға, Қытайдың ішкі істеріне өрескел араласуға" бағытталған әрекетін сынға алды.

Бірақ АҚШ -тағы зерттеуші Мэгги Шумның айтуынша, көптеген студенттер Гонконгқа қайтудан алаңдап, Америкада қалып қойған.

Вашингтонда орналасқан Гонконг Демократиялық Кеңесінің өкілі Самуэль Чу Байденнің бұл жаңа мәлімдемесі 100 мыңға жуық Гонконг азаматтарына қатысты екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден Гонконг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір