18 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.
– Сыныпта бір оқушыдан Covid-19 табылса, онда сынып толығымен онлайн форматқа көшеді. Ал Covid-19 оқушылар мен ұстаздардың 20%-ында табылса, онда мектепті толығымен жабады, – деді Бекшин.
Сондай-ақ қаланың бас санитар дәрігері, созылмалы ауруы бар балаларды онлайн оқуға ауыстыру үшін медициналық құжаттың болу керектігін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір