28 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "жасыл" статусы бар адамдарға демалыс күндері қайда кіруге рұқсат етілетінін айтты.
– Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, колледждерге, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханаларына "жасыл" статус болуы керек деген талап қойылмайды, – деді Жанна Пірәлиева.
Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған. Оған сай демалыс күндері тек Ashyq қосымшасына қосылған дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізілетіні айтылған.
Ashyq қосымшасында "Жасыл" статус вакцина салдырғандарда шығады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір