• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:12:34
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады" деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.

Бұған дейін Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыс болғанын естіген алғашқы сәтте отставкаға кету туралы ойлағанын, отставка туралы арыз жазатынын, шешімді басшылық қабылдайтынын мәлімдеген.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні төмендегідей:

Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста

Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста

Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста

Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста

Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста

Полковник М.К.Айманов – 45 жаста

Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста

Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста

Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста

Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста

Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста

Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір