09 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: pm.kz
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 20-39 жас аралығындағы адамдардың коронавирус инфекциясын тез жұқтыратынын мәлім етті. Айтуынша, халықтың бұл санатының вакциналану белсенділігі төмен және карантин режимін жиі бұзады.
Ж. Бекшин атап өткендей, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жұқтыру 20-39 жас аралығындағы азаматтарда – 31,2%, 40-59 жастағыларда –24%, 60 жастан асқан қарт адамдарда – 23%.
– Соңғы аптада инфекция жұқтыратын негізгі орындар бұрынғыша сауда объектілері – 34%, отбасылық байланыс – 19,5%, қоғамдық көліктер – 17,8%, – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Сонымен қатар ол коронавирустың "төртінші" толқыны аяқталмағанын, бірақ төмендей бастағанын, сондықтан вакцина салдыру қарқынын арттыру қажет екенін еске салды.
– Алматылықтар қырағылықты төмендетті, маска тақпайды, той өткізеді. Азаматтар дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулері тиіс. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар қауіп тобында. Өйткені, өлім көбінесе халықтың осы санатында болады. Жасына қарай көптеген адамдарда созылмалы аурулар, дерт жұққан кезде олар өрши түседі. Сондықтан ремиссия кезеңінде вакциналану қажет. Тек вакциналану ғана коронавирусты жеңетін болады, — деді Ж. Бекшин.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, COVID-19 вирусының "үнді" нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі әлі де өте жоғары. Соның салдарынан "симптомды" науқастардың деңгейі 95%-ды құрайды. "уханьдық" – 50% және "британдық" – 81%.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір