• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:05:56
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап өскенін хабарлады.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.

– Тоқаевтың қолдауының арқасында министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. Білім және ғылым министрлігіне бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді, – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын.

2019 жылдың қыркүйегінде ЖОО профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогикалық жүктеменің максималды көлемі белгіленді.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір