• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:10:18
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Ұлыбританияның климаттық дағдарыс бойынша кеңес беру тобының төрағасы Дэвид Кингтің айтуынша, Ұлыбританияның жағалаудағы ірі қалалары, оның ішінде ел астанасы Лондонға қауіп төніп тұр. Маманның пікіріне сәйкес, теңіз деңгейінің көтерілуі бұл қалаларға қатер төндіреді.

Ғалым ғаламдық жылыну туралы алаңдаушылығын айта келіп, "егер Ұлыбритания климаттық дағдарыстың алдын алмаса, дауыл және су тасқыны сияқты төтенше ауа райының қаупіне ұшырауы мүмкін" деді.

Ол Британияның аралдағы ел екенін айтып, теңіз дауылдары жағалаудағы аудандарға тасқын су апатын туғызатынын ескертті. Сондықтан Ұлыбритания астанасын Лондоннан басқа қалаға көшіру маңызды екенін жеткізді. 

Су деңгейінің көтерілуіне негізінен мұздықтардың еруі мен теңіз суының жылынуы себеп болады.

2019 жылы жүргізілген зерттеулер жаһандық орташа теңіз деңгейінің 1994 жылғы орташа деңгейден 3,4 дюйм жоғары екенін анықтады.

"Бұл (су басу қаупі - ред) – Индонезияда қазірдің өзінде болып жатыр, үкімет елдің астанасын биік жерге көшіріп жатыр, өйткені Джакарта қазірдің өзінде су астында қалды. Джакарта келесі 20-30 жылға дейін жарамсыз болады" деді ғалым. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Лондон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір