22 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Берік Уәли фейсбук парақшасынан алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырды" деп жазды Берік Уәли.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір