• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:38:10
Алматы
+12°

5 қазан күні борышкер тарапынан таяқ жеп аты шыққан жеке сот орындаушы Әділ Ермековке полиция департаменті айыппұл тағайындады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің instagram парақшасында хабарлады.

– 5 қазан күні әлеуметтік желілерде азамат Ә.Ермеков өзінің бейнежазбасын таратты, онда ол жүріп келе жатқан автокөліктің салонында жол қозғалысының қатысушы (жолаушы) бола отырып,  жол қозғалыс ережелері талаптарын бұзғанын көруге болады. Осыған байланысты құқық бұзушы әкімшілік құқық туралы қылмыстық кодекстің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы), яғни көлікте қауіпсіздік белдігі тағылмаған, – деді Рустам Әбдірахманов.

Осылайша, жеке сот орындаушы Әділ Ермеков көлікпен жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін 2 АЕК (5 834 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.

Бұған дейін Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылып, оған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар деген ақпарат шыққан. Жанқош Тұраров оқиға орнында болғанын, бірақ ешкімді ұрмағанын жеткізді. Ал Республикалық сот орындаушылар палатасы сот орындаушы мен борышкер арасында болған кикілжің кезінде полиция қызметкерлерінің оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы хабарлаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір