• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:09:48
Алматы
+12°
11 қазанда Алматыдағы Алмалы аудандық соты Қазақстанда экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" ұйымын құрды және оның ісіне араласты деп айыпталған 13 оппозициялық белсендіге үкім жариялады. Екі ұйым да шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязовқа қатысы бар.
 
Азаттық радиосының мәліметінше, судья Ернар Қасымбеков прокурордың сұрауын орындап, төрт адамды 5 жылға бостандығынан айырып, қалған тоғыз белсендінің еркіндігін 1 жылдан 2 жылға дейін шектеген. Сотталушылар тағылған айыпты мойындамайтынын, үкіммен келіспейтінін мәлімдеген.

Судья Ернар Қасымбеков айыпталған 13 белсендіге төмендегідей жаза тағайындаған:

  • Абай Бегімбетов – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);

  • Асхат Жексебаев – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);

  • Қайрат Қылышев – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);

  • Ноян Рақымжанов – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған).

Басылым судья бұл төртеуі жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтімін мәлімдегенін хабарлады.

Сот 405-баптың 2-тармағы бойынша айыпталған тоғыз адамға төмендегідей жаза тағайындаған:

  • Дәметкен Аспандиярова – 2 жылға бостандығын шектеу;

  • Бақдәулет Әлібеков – 1 жыл бостандығын шектеу;

  • Диана Баймағамбетова – 2 жылға бостандығын шектеу;

  • Гүлзипа Жаукерова – 1 жыл бостандығын шектеу;

  • Нинагүл Жұманиязова – 1 жыл бостандығын шектеу;

  • Ермек Қозиев – 1 жылға бостандығын шектеу;

  • Марат Құрбанов – 1 жылға бостандығын шектеу;

  • Болат Смағұлов – 1 жылға бостандығын шектеу;

  • Дархан Уәлиев – 1 жылға бостандығын шектеу.

2020 жылғы желтоқсан айынан бері Алматының тергеу абақтысында отырған Абай Бегімбетов, Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Ноян Рақымжановтың қамаудағы әр күні бір жарым күн деп есептелінеді деп хабарлады судья. Диана Баймағамбетованы қамаудан босатып, оған шартты жаза тәртібін түсіндірді. Сот Дәметкен Аспандиярованың осы кезге дейін үйқамақта болғанын есепке алып, ол жазасын өтеген болып есептелінді. Аспандиярова 2020 жылғы 23 қыркүйекте ұсталып, сот шешімімен үйқамақта болған.

Бүгін шыққан үкіммен келіспейтінін мәлімдеген айыпталушылар мен олардың адвокаттары апелляцияға шағым беретінін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір