21 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасының 131 тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік аясында 2500 орындық жатақхана салу жоспаланған.
2021 жылы 1500 орындық 4 жатақхананы тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда 3 жатақхананың құрылысы аяқталып, біреуі қазан айында тапсырылады.
«J?? O???» жанынан құрылған мобильді топ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жаңадан ашылған жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жатақханасында санитарлық талаптар сақталған. Әр қабатта Wi-Fi интернет желісінің жылдамдығын арттыра отырып, жатақхана студенттері үшін кітапханадығы кітаптар көбейтіліп, компьютер санын артқан. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жатақханада аранайы дойбы, шахмaт кабинеттері ашылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір