• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:24:40
Алматы
+12°

"Астрономдар біздің галактиканың яғни Құс жолы галактикасының орталығынан келген жұмбақ радио толқындарды анықтады. Ғалымдар әзірге бұл ерекше сигналға түсіндірме бере алмай отыр" деп хабарлады "The Astrophysical Journal" басылымы сейсенбіде жарияланған жаңа зерттеуде.  

Австралия, Германия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка, Испания және Франциядан келген халықаралық зерттеушілер тобы байқаған радио толқындар әр түрлі себептерге байланысты өзгешелігімен ерекшеленген. Радиотелескоп пен ғарыш координаттарының атымен "ASKAP J173608.2-321635" деп аталған нысан бұрын-соңды болмаған ғарыш нысандарын табу жобасы аясында ашылған.

"The Astrophysical Journal" журналында жарияланған зерттеулердің жетекші авторы, Сидней университеті физика мектебінің докторанты Цитэнг Ванг нысан жарығы күрт өзгеретінін, кездейсоқ жанатынын және өшетінін жеткізді.

"Бұл жаңа сигналдың ең таңқаларлық қасиеті – оның поляризациясы өте жоғары. Оның жарығы тек бір бағытта, бірақ бұл бағыт уақыт өте айналып тұрады" деген Ванг сигнал бұрын зерттелген кез келген құбылысқа ұқсамайтынын айтады.

Мамыр айында да НАСА Жерге сигнал жіберетін жұмбақ радиостанцияларды анықтаған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сигнал галактика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір