• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:55:45
Алматы
+35°

Шымкентте білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директоры алаяқтық жасады деген айыппен сотталды. Олар мұғалімдердің тесттен сүрінбей өткенін көрсететін сертификат пен куәліктерді қолдан жасап, саудаға салған. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады. 

Ұсталғандар бұл іспен 2018 жылдан бастап айналысып келген. Жалған анықтаманы 340 педагогтың алғаны белгілі болды. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген. Ұстаздардың басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген қаржыны қайтарған. Бұл сома 210 миллион теңгені құраған. 

Сонымен қатар сотта мектеп директоры өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ал білім басқармасының маманы 4 жыл мерзімге сотталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір