• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:48:52
Алматы
+35°

Алматы облысында зейнеткерлер мен мүгедектерді алдап келген 32 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.Kz.   

Есік қаласының 66 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне хабарласып, 80 мың теңге көлеміндегі ақшасын алаяқтық жолмен иемденген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұраған.

Тергеу барысында күдікті 2019 жылдан бері алаяқтықпен айналысып келгенін мойындаған. Оның 17 алаяқтық фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Келтірген залал көлемі 20 миллион теңгеден асады.

Ер адам қосымша ақыға әлеуметтік төлемдерді, зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіріп беремін деп мүгедек пен зейнеткерлерді сендірген.

Оған қатысты қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу қозғалды. Күдікті Еңбекшіқазақ аудандық тергеу изоляторына қамалды.

Ол полицейлерге адамдарды қалай алдағанын айтып берді.

– Иә көбісі алаяқтыққа тап болады. Себебі тығырыққа әбден тірелген, ақша жоқ, қазір халыққа өте қиын, зейнетақы көлемі кішкентай. Адамдарға айтарым, ешкімге сенбеңіздер, өйткені қазір алаяқтар көп. Интернет-алаяқтық деген де бар, –  деді ол. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқ ұсталды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір