Білім министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда 271 жекеменшік мектеп бар. Алматыда олардың саны 70-ке, ал Нұр-Сұлтанда – 40-қа жуықтаған. Бұл туралы Forbes.kz басылымының Қазақстандағы жекеменшік мектептер туралы, ондағы білім алу құны жайлы материалда айтылады.
Елдегі жекеменшік мектептер ұсынатын баға диапазоны әртүрлі. Аймақтық жерде айлық оқу құны 50 000 теңгеден басталып, Алматы, Нұр-Сұлтан мегаполистерінде миллион теңгеден асып жығылады
1. QSI (Нұр-Сұлтан)
Оқу ақысы жөніндегі рейтингте бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан QSI халықаралық мектебі иеленіп отыр. Мұнда бірінші сыныптан 12-сыныпқа дейін оқу ақысы бірдей, жылына 26 000 АҚШ доллары, айына орта есеппен 1,28 млн теңгеден.
Оқу тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Халықаралық деп аты айтып тұрғандай негізінен елде жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың, дипломаттардың балаларына арналған мектеп. Дегенмен, мұнда Қазақстан азаматтарының да балалары білім алады. Бала саны да шағын, 300-ден асады.
Негізін қалаушы/құрылтайшысы коммерциялық емес "Quality Schools International" ұйымы. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп 2005 жылы ашылған. Нұр-Сұлтан QSI халықаралық мектебі 2011 жылы Орта Атлантикалық штаттар білім мекемелері Ассоциациясының (Middle State Association of Colleges and Schools) аккредитациясынан өткен. Оқу америкалық AP Capstone Diploma Program бағдарламасына негізделген, бұл – түлектерге АҚШ пен Канада университеттеріне оқуға түсуіне мүмкіндік береді.
2. QSI (Алматы)
Екінші орынды Алматы қаласында орналасқан халықаралық QSI мектебі алады. Мұндағы оқу ақысы, елордадағыдан арзандау, айына орта есеппен 1,08 млн теңге. Оқушы саны – 450.
"Quality Schools International" ұйымы 1993 жылы ашылған. Орта Атлантикалық штаттар білім мекемелері Ассоциациясының аккредитациясы бойынша 1999 жылдан бері білім беріп келеді. Мектепте қазіргі таңда шетелдік және жергілікті 32 ұлт өкілі білім алады. 2020 жылы 43 оқушы мектеп түлегі болған. Мектепте балалардың оқу бағдарламасын жеңіл меңгеруіне және қауіпсіздігіне баса мән беріледі. Мектепте шығармашылық және ғылыми үйірмелер бар. Мұнда Солтүстік Америка, Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия және әлемнің өзге де елдерінен келген мамандар жұмыс істейді.
3. Haileybury (Алматы)
Рейтингте үшінші орынды Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептері иеленген. Мұнда дайындық сыныбынан бастап 13-сыныпқа дейін білім беріледі. Сондықтан оқу ақысы сыныптарға қарай бөлініп отырады. Мысалы, дайындық сыныбы жылына 5,6 млн теңге, 3-6 сынып оқушылары үшін 9,7 млн теңге, 10–13 сыныптар үшін 12,6 млн теңге. Орта есеппен оқу ақысы айына бір бала үшін шамамен 1 млн теңге.
Haileybury мектебі бейкоммерциялық болғандықтан түскен пайданы құрылтайшылар өзара бөліспейді. Мектеп шығындарынан қалған қаражат оны дамыту мен жетілдіруге жұмсалады, шығындардың басым бөлігі британ фунты мен долларға тәуелді. Сондықтан да оқу ақысы мұнда фунт стерлингпен беріледі.
Forbes Kazakhstan басылымының есептеуінше, мектептің жылдық кірісі – шамамен 5 млрд теңге. Оқушылар шет елдердің және Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін "A levels" бағдарламасы бойынша дайындалады. Оқушылар саны – Алматыда 730, Нұр-Сұлтанда – 550. Оқу орнында біліктілігі жоғары шетелдік 60 педагог жұмыс істейді, негізінен Ұлыбритания азаматтары.
2021 жылы мектепті 23 түлек тәмәмдаған олардың басым көпшілігі Кембридж, Йель, Колумбия, Торонто, Амстердам, Брайтон, Дарбон Универсиеттері секілді шетелдік беделді оқу орындарына түскен. Haileybury Almaty оқушылары өткен жылы халықаралық және республикалық беделді олимпиада жүлдегерлері атанған. Мектеп оқушыларының бірі астрономия мен астрофизика бойынша әлемдік онлайн байқауда Қазақстанның намысын қорғады.
Haileybury Almaty 2008 жылы ұлыбританиялық Haileybury and Imperial College-бен серіктестікте ашылды. Бейкоммерциялық білім беру жобасын Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қоры, Сержан Жұмашов, Нұржан Сұбханбердин, Айдан Кәрібжанов, Марғұлан Сейсембай, Альфия Қуанышевадан тұратын бір топ қазақстандық кәсіпкер қаржыландырды.
Haileybury Астана мектебін президент Назарбаев 2011 жылы ашты. Мектеп оқушыларға IB World бағдарламасы бойынша білім береді.
4. Kazakhstan International School (Алматы)
Kazakhstan International School (Алматы) рейтингіміздің төртінші орнын иеленіп отыр. Оқу ақысы бұл мектепте орта есеппен айына 874 мың теңге. Оқушы саны да көп емес – 400.
Әу баста Монтессори балабақшасы ретінде құрылған мектептің құрылтайшысы/негізін қалаушы – Дэниэл Гунасилан, Gateway Ventures LTD компаниясы, Сингапур. Оқу тек ағылшын тілінде жүреді. Өзге де халықаралық мектептер секілді мұнда да халықаралық бакалавриат (IB) үш бағдарлама бойынша білім береді: PYP (мектепке дейінгі және бастауыш білім), MYP (негізгі орта білім), DP (диплом бағдарламасы). 2020–21 оқу жылы мектеп оқушылары Space Foundation (АҚШ) және ТМД елдері халықаралық бакалавриат мектептері ассоциациясы өткізген халықаралық сайыстардан жүлделі орындар алды. Мұғалімдер құрамында шетелдік және отандық мамандар бар.
5. Spectrum (Нұр-Сұлтан)
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан халықаралық Spectrum мектебі де оқу ақысы қымбат оқу орындарының бірі ретінде алдыңғы бестікке кіреді. Бірінші сынып пен 12-сынып аралығында бағалар 5,3 млн теңгеден 7 млн теңгеге дейін. Айына орта есеппен 650 мың теңге.
Мектептің құрылтайшысы/негізін қалаған «BILIM ORDA» қоғамдық қоры. Spectrum отандық және британдық білім бағдарламасын ұсынатын мектеп. 2011 жылы Spectrum Кембридждің Халықаралық мектебі және емтихан орталығы болды, IGCSE және A Level біліктіліктерін ұсынады. Сол жылы Spectrum Халықаралық мектеп кеңесінің тұрақты мүшесі болды жән ТМД-да аккредитациядан өтті. Мектепте білім алу үшін үміткерлер ағылшын тілінде СAT4 (Cognitive Abilities Test) жүйесімен өткізілетін онлайн-тест тапсырады. Онда логика, математика және ағылшын тілі бойынша сұрақтар беріледі. Spectrum түлектері әлемнің үздік университеттерінде оқиды.
6. High Tech Academy (Алматы)
Алтыншы орынға жайғасқан Алматыдағы айрықша жеке меншік мектептердің бірі – High Tech Academy. Мұнда жылдық оқу ақысы 5,04 млн теңге, бір реттік жарна 150 000 теңге. Айына 560 мың теңгеден. Сондай-ақ, оқу материалдары үшін де 150 мың теңге көлемінде ақы алу қарастырылған.
Мектептің құрылтайшысы/негізін қалаушы – белгілі бизнесмен Еркін Тәтішев. 2017 жылы ашылған High Tech Academy жобалық білім беру және фин мектептерінің педагогикасы қағидаттарына негізделген. 2019 жылдың маусым айында High Tech Academy МТС (Mastery Transcript Consortium) мүшесі болды, 2020 жылы (CIS) Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан өтіп, жаңа ғимаратқа көшті. Оқу бағдарламасы ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде.
7. Мирас (Алматы)
Халықаралық «Мирас» мектебі рейтингте жетінші орында тұр. Дегенмен, ескере кететін жайт, «Мирас» мектебі шетелдік және отандық оқушылар үшін екі түрлі оқу ақысын ұсынады. Мысалы, шетелдіктер үшін оқу ақысы 18 580 доллардан 27 730 доллар аралығында, оған 2150 доллар тұратын бір реттік жарнаны қосыңыз. «Мирас» мектебінде білім алу үшін шетелдіктер орта есеппен жылына 25 000 доллар немесе айына 1,16 млн теңгеден төлейді. Алматыдағы филиалындағы айлық оқу ақысы 550 мың теңге көлемінде. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Мирас» мектебіндегі баға Алматы мектебіне қарағанда арзандау. Айына орта есеппен 435 мың теңге көлемінде. Бұл мектепте де шетелдік азаматтар үшін АҚШ долларымен жеке тариф ұсынылады. Отандық және ТМД-дан келген оқушылар үшін тарифтер тілге қарай бөлінбейді, сыныптар бойынша ерекшеленеді.
Алматыдағы мектепте ағылшын тілінде оқитын бастауыш мектеп оқушысы жылына 4,356 млн теңге төлейді, ал қазақ және орыс тіліндерінде білім алу үшін 3,807 млн теңге. 4,054 млн теңге төлеп қазақстандық бағдарлама бойынша 11-сыныпты аяқтауға болады, болмаса 5,940 млн теңгемен IB халықаралық бағдарламасы бойынша диплом қорғауға болады. Бір реттік жарна 400 мың теңгені құрайды.
Мектептің негізін қалаушы/құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры. Білім ошағы Халықаралық бакалавриат (IB) бойынша тіркеуден өткен, Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясын иеленген, ECIS, UNESCO, IBSA ұйымдарының мүшесі. Түлектері Назарбаев Университетінің және өзге де шетелдік беделді оқу орындарының грантын иеленген.
8. Galaxy (Алматы)
Алматы қаласындағы Халықаралық Galaxy мектебін рейтингте тоғызыншы орыннан көруге болады. Мұнда жылдық оқу ақысы барлық сыныптар үшін 3,5 млн теңге, айына орта есеппен 388 мың теңге көлемінде. Құрылтайшысы халықаралық BILIM ORDA қоғамдық қоры, мектеп 2014 жылы ашылған. Оқушы саны – 352.
«Galaxy» мектебі 2016 жылдың желтоқсан айында Британдық халықаралық мектептер кеңесінің «COBIS» мүшесі атанды. 2015 жылдың 27 қазанында Кембридж халықаралық мектебі атағына ие болды (Cambridge Assessment International Education), яғни оқушыларға Кембридж халықаралық бағдарламалары мен емтихандарын ресми түрде ұсыну құқығына ие болды. Оқушылар «Cambridge Primary», «Cambridge Lower Secondary», «Cambridge Upper Secondary» (IGCSE) және «Cambridge Advanced» (AS/A Levels) сынды бағдарламалармен оқи алады. Galaxy мектебінде жеңілдіктер, шағын гранттар да ұсынылады. Ал мектеп түлектері – шетелдік беделді ЖОО студенттері.
9. TAMOS Education (Алматы)
TAMOS Education физика-математика мектебі. Мектептің Алматы қаласында лингвистикалық, физика-математикалық деп бөлінетін филиалдары бар. Тиісінше, бағалары да әртүрлі. Мәселен, даярлық сыныбына беру үшін баға жылына 1 455 000 теңгеден басталады. Бірінші сыныптан бастап физика-математикалық бағыттағы мектепте оқыту үшін 2 млн теңгеге жуық қаражат төлеуіңіз керек, ал лингвистикалық бағыттағы мектеп құны одан жоғары, 2 205 000 — 2 295 000 аралығы. Ең қымбат баға Cambridge бөлімінде, мұнда 8 сыныпқа дейін оқыту үшін 3 960 000 теңге, ал жоғары сыныптар үшін 4 410 000 теңге төлеу керек. Жалпы мектептер жүйесіндегі орташа айлық баға 300–500 мың теңге аралығында.
1998 жылы Алматы қаласында құрылған бейкоммерциялық мектеп. Құрылтайшылары/негізін қалаушылар: Мұрат Омаров, Дәурен Қаупынбаев, Марғұлан Сейсембай, «Asadel Partners» ЖШС. Өткен жылы Кембридж халықаралық мектебі (CIS) мәртебесін алған. IELTS, Starters, Flyers, Movers, KET, PET, English Advanced сынды Кембридж емтихандарын тапсыру бойынша ресми орталық. Мектеп өзіндік оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Онда математика мен жаратылыстану ғылымдары ағылшын тілінде халықаралық бағдарлама бойынша оқытылады. Оқу Халықаралық Кембридж бағдарламасы бойынша өтеді. Білім ордасы жанынан 2016 жылы лингвистикалық мектеп ашылған. Онда балалар екі шет тілін оқиды – ағылшын тілі және 5-сыныптан бастап қытай тілі. Отызға жуық ұлт өкілі білім алатын білім ордасында ағылшын тілінен негізінен шетелдік мұғалімдер оқытады. Осы мақсатта елуге жуық шетелдік оқытушы шақырылған. Оқушы саны – 2700. Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді.
10. Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп (Алматы)
Рейтингтегі ондықты қорытындылайтын «Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп», Алматы қаласында орналасқан. 800 орындық мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Оқу ақысы жылына 2,7 млн теңге немесе айына 300 мың теңге, мектеп жарнасы 300 мың теңге.
Құрылтайшысы/негізін қалаушы Кеңес Рақышев, Әсел Тасмағамбетова. Мектеп 2020 жылдың шілде айында ашылған. Мектеп Қазақстан тарихын зерделеуге баса мән береді. Ең жоғарғы деңгейде оқыту мен білім беру – мектептің педагогтар ұжымы қызметінің басты ұстанымы. Мұнда әр оқушының жеке дамуын қадағалауға мүмкіндік беретін, білім деңгейін бағалаудың объектив әрі айқын жүйесі енгізілген. Оқыту барысында қазақстандық және халықаралық тәжірибедегі білім беру технологиялары
Пікір қалдыру
пікір