• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:33:25
Алматы
+8°
Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында болған балалар арасындағы жанжалға байланысты Қазақстан халқы ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева мәлімдеме жасады.
 
Бекбаеваның сөзінше, екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласқан. Төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шегіп, оған қажетті көмек көрсетілген.
 
– Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған топтық төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үйлер мен көліктердің әйнектерін сындырған. Ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар – қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері болып табылады, олардың барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды, – дейді ресми өкіл.
 
Бұған дейін Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасында жанжал шығып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен аудандық ауруханаға түскенін хабарланған. Артынша жарақат алған жасөспірімнің жағдайы ауыр екені мәлім болды.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пенжімдегі қақтығыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір