• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қараша, 07:58:47
Алматы
+12°

Атырауда 10 жасар бала тоңазытқыштың артына жасырынып, тоқ соғып қайтыс болды. Бұл туралы atpress.kz сайты хабарлады. 

Қайғылы оқиға 30 қазан күні 14:45 шамасында болған. 2011 жылғы бала үйде тығылмақ ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына жасырынған. Сол кезде оны тоқ соққан. Бұл туралы полицияға  баланың әжесі хабарласып айтқан. 

"Жедел жәрдем пультіне қоңырау сағат 14.45-те түсіп, бригада оқиға орнына 14.51-де жетті. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті. Оның денесінен жарақаттар анықталмады. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр" делінген полиция департаменті хабарламасында. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырауда

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір