06 Қараша, 2021 NEWS
Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov
Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өтті. Қаралы хабарды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жеткізді.
– Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан астам басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын.
Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, – деді Аймағамбетов.
Қажахмет Балахметов 1926 жылы 26 маусымда Ақмола облысында туған. Қазақ КСР ағарту министрі қызметін 1974-1987 жылдары атқарған.
Балахметов министр болған жылдары мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша түбегейлі шешімдер қабылдаған. Мектептер мен балабақшалар, оқу орындарының құрылысын қарқынды жүргізген.
Оның білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбегі жарық көрген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір