• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:38:50
+12°

Twitter-дегі сауалнамада дауыс берушілер Илон Маскты салық төлеу үшін Tesla-дағы үлесінің 10 пайызын сатуға шақырды.

Маск сенбіде бастаған сауалнамаға үш жарым миллионнан астам Twitter пайдаланушысы дауыс берді, шамамен олардың 58%-ы акцияны сатуды қолдады.

Ол сауалнама арқылы өз иелігіндегі 21 миллиард долларға жуық акцияны сату немесе сатпау шешімін шығармақ.

Маск АҚШ демократтары ұсынған "миллиардерлерге салынатын салыққа" жауап ретінде осылай істеп отыр.

Бірақ әлемдегі ең бай адамдардың бірі Маск өз үлесін қалай және қашан сататыны туралы әлі ашық түрде түсініктеме берген жоқ.

Егер Маск акциясын сататын болса, үлкен салық шотына түсуі мүмкін.

Ірі акцияларды иеліктен шығару кезінде кейбір басшылар инсайдерлік саудаға қатысты айыптауларды болдырмау үшін сатуды ұзақ уақыт бойы таратып, "соқыр" деп аталатын сату бағдарламаларын пайдаланады.

Маск твиттерінде өзінің ешбір компаниясынан жалақы немесе бонус алмағанын айтты, яғни оның табыс салығын төлейтіндей табысы жоқ.

Бірақ ол өтемақы пакеті арқылы миллиардтаған доллар тапты. Өтемақы пакеті компания өнімділік мақсаттарына жеткенде және оның акциялары белгілі бір бағаға жеткенде акциялардың үлкен көлемін пайдалануға мүмкіндік береді.

АҚШ Сенатындағы демократиялық партия ұсынған жоспарларға сәйкес, миллиардерлер акцияларының бағасы көтерілген кезде, тіпті олар акцияларының ешқайсысын сатпаса да, "іске алынбаған табыстарға" салық салынуы мүмкін.

Активтердің сатылған-сатылмағанына қарамастан, құн өсіміне салынатын салық АҚШ-тағы 700-ге жуық миллиардерге әсер етуі мүмкін деп саналады. Сыншылар активтердің құны әрқашан көтеріле бермейтінін атап өтті.

Ал, Масктың Twitter-дегі сауалнамасы қаржы әлемінде қорқыныш тудырды.

АҚШ Беркли экономисі Габриэль Зукман Twitter-де "Әлемдегі ең бай адамның салық төлеуі Twitter сауалнамасына тәуелді емес күнді асыға күтеміз" деп жазды.

Венчурлық инвестор Чамат Палихапития "Біз Twitter-дегі сауалнамаға қатысқан адамдардың 25 миллиард долларлық монета айналымының нәтижесін шешетініне куә болып отырмыз" деп жазды.

63 миллионға жуық жазылушысы бар Маск Twitter желісіндегі ең танымал бизнес көшбасшылардың бірі.

Ол платформаны өзі иеленетін Tesla, SpaceX және Neuralink компанияларының жаңалықтарын бөлісу үшін үнемі пайдаланады.

Бірақ Масктың кейбір жазбалары бұған дейін дау тудырған. Тіпті ол сотта жауап беріп, ондаған миллион доллар айыппұл төлеген

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Twitter

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір