• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 18:25:20
Алматы
+12°

Алматы қаласы Медеу ауданы "Latifa" тұрғын үй кешендерінің бірінде 18 жастағы қызды өлтіріп, артынша өртеп жіберген күдікті ұсталды

Жан түршігерлік оқиға 8 қараша күні, "Latifa" тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтердің бірінде болған. Тұрғындардың сөздерінше, марқұмның жігіті бойжеткенді өлтіріп, сол жерде өртеп жіберген.

Жалдамалы пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі 7 шамасында "құрбымның үйінде түнеймін" деп жазып жіберген. Сосын біршама уақыттан кейін бойжеткеннен  "ұрып жатыр" деген хабарлама келген.

Жақындары бірден полиция шақыртқан. Пәтердің иесі келіп есікті ашқанда, қыз өлі табылған. 

Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйдегі 13 қабаттағы пәтерлер түгел дерлік тәулікке жалға беріледі. Алайда ешқандай шу шықпайтын. Бірақ осы жолы олар түн ортасында шыңғырған дауысты естіп, күйіктің иісін сезген.

– Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен нәресте құлап жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат 1-де пәтерден қашып кеткен сияқты, – деді Екатерина "Latifa" тұрғын үй кешенінің тұрғыны.  

Бұған дейін әлеуметтік желіде тәулікке берілетін пәтерлерде жеңіл жүрісті қыздар ордасы бар екені туралы ақпарат тараған. Бірақ тұрғындардың шағымына, учаскелік полицейлер назар аудармаған. 

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Күдікті С. деген азамат Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына (ұстап алу негіздері) сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

18 жастағы қыздың өлімі туралы жазба 8 қараша күні әлеуметтік желіде жарияланған. 

"Алдымен тұншықтырып, кейін өртеген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр" делінген желідегі жазбада.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Жалобы Алматы?? (@zhaloby.almaty)

Алайда қалалық полиция департаменті, жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір