• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:23:34
Алматы
+8°

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті. 

Өрт 24 қараша сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі жеке үйден шыққан. Салдарынан 7 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның анасы ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. 

"Өрт жалпы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру кезінде 4 тұрғын эвакуацияланып, жедел жәрдемге берілген. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын 3-дәрежелі күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Дәрігерлер қарап оны үйіне жіберді. Осы отбасының жеті жастағы қызы ауруханаға жетіп үлгермей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Тағы 8 жастағы бір бала құтқарылды. Ол медициналық көмекті қажет етпеді" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір