25 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Алматы метро желісі үшінші желі құрылысын жүргізу жобасына енгізілген өзгеріске сай, қаланың батыс жағындағы Алтын орда базары маңына дейін ұзартылады. Бұл туралы қала әкімінің борынбасары Серік Құсайнов мәлім етті.
Оның айтуынша, метро Қалқаман ықшамауданын басып өтіп, жаңа Наурызбай ауданы арқылы Алатау көшесімен төмен түседі. Ол үшін қосымша екі бекет салу жоспарланған.
"Соңғы бекет Алтын Орда базары маңында болады. Бұл – Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен жалғауға мүмкіндік береді" деген ол жаңа стансалар іске қосылғаннан кейін метромен күн сайын 150 мың жолаушы жүреді деп күтіліп отырғанын жеткізді.
Саяхат автовокзалы мен Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысын жалғап жатқан Алматы метросы бүгінде 9 бекеттен тұрады. Жыл соңына дейін тағы екі бекет пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жаңа бекеттер іске қосылғанда жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға дейін өседі деп болжанып отыр. Қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатқан "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан.
Бұдан бөлек Абай даңғылының астында, Яссауи шесінен Әшімов көшесіне дейін батыс бағытта "Қалқаман" бекетінің құрылысы жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір