• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:11:41
Алматы
+12°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штаммы "Омикронның" қаупі жоғары екенін айтып дабыл қағуда. Ұйым мәлімдемедесінде "Омикрон" туралы зерттеулер әлі жүргізіліп жатқанын айта келе, адамдарға әзірге шет елдерге саяхатқа шықпауға кеңес берді. Омикрон вирусының белгілері  қандай, вирусты жұқтырған адам өліп кетуі мүмкін бе? 

"Омикрон" штаммы алғаш рет Оңтүстік Африкада пайда болды. Бұған дейін ДДСҰ "Омикрон" штаммы жеткілікті деңгейде зерттелмегенін, оның "Дельта" штаммынан қауіпті болуы мүмкін деп қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескерткен. 

26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, тез мутацияланған нұсқасы анықталғанын ресми түрде жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңадан пайда болған және "қатты мутацияланған" нұсқасын талқылау үшін арнайы кеңес өткізді. Кездесуден кейінгі мәлімдемеде "Омикрон" деп аталатын жаңа штаммның жұғу жолы мен қаупі жоғары болатыны хабарланды.

Омикрон штаммы өлімге әкеліп соға ма?

"Алдын ала қорытындылар жаңа штамның жұғу жолы мен қаупі жоғары", делінген ДДСҰ хабарламасында.

Жаңа штаммның белгілері қандай?

ДДСҰ медицина қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті. Сондай ақ "қатты шаршау, жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температура болуы мүмкін. Алайда дәм мен иіс сезу жоғалмайды" делінген хабарламада.

Қазiргi уақытта жаңа штаммға қолданыстағы вакциналар тиiмдiлiгiнiң бар-жоғына қатысты зерттеулер жүргiзiлуде. Жаңа нұсқаның "Дельта" түрлеріне қарағанда жұқпалы болуы және вакциналардың осы нұсқаға қарсы тиімділігі аз болуы мүмкін деген қорытынды бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отыр.

"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде, тап айтқанда Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір