07 Желтоқсан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева жаңа жылдан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін 30 пайыздық қосымша төлем алынып тасталатындықтан педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат жалған екенін мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төлене береді.
– Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтердің еңбекақысы тағы 25% көтерілетінін еске саламыз. Айта кетейін, 2020 жылы педагогтердің еңбекақысы 25%, 2021 жылы тағы 25% өсті. Бұдан бөлек, президент қолдауының арқасында, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50% дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақыны екі есеге арттырылғанын, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өту керек, – деген ол желіде тараған қауесеттерге сенбеуге шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір