07 Желтоқсан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуы әлі тоқтамағанын еске салып, жаңа жылды тойлауға қатысты қазақстандықтарға кеңес берді.
Министрдің айтуынша, жаңа жылдық мерекені отбасымен бірге үйде қарсы алған дұрыс.
– Біз отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берер едік. Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке, сол себепті адамдар санын барынша шектеуге тырысу керек. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, таралып жатыр, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бар. Сондықтан өзіңізді сақтап, отбасыңызбен көбірек уақыт өткізген жөн, – деді Цой.
Сонымен қатар, ол корпоративтер мен басқа да ауқымды іс-шараларға бармауға кеңес берді.
– Қазір белгілі бір талаптар бар. Жалпы біз арақашықтық сақтауға болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізбейміз. Яғни, денсаулық сақтау министрлігінде (жаңа жылдық кештер - ред) болмайды, – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бұған дейін министр "омикрон" штамына байланысты Қазақстанда шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір