21 Желтоқсан, 2021 NEWS
фото: www.gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігі 20 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 369 адамнан коронавирус, 6 адамнан пневмония анықталған. 19 желтоқсанда 13 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмған.
21 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 302 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 207 пациент стационарда, 16 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 271 адамның жағдайы ауыр, 74 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта:Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
20 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 907 254 адам вакцинаның I компонентін, 8 382 069 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір