• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:35:13
Алматы
+12°
 
Тамыз айында Ауғанстан билігіне келген "Талибан" радикалдық қозғалысының мүшелері Кабул көшелеріндегі беті ашық әйел бейнелеленген суреттерді жоюды бастады, деп жазады Aamaj News басылымы.
 
Изображение
 
Жергілікті шенеуніктер әйелдің беті немесе денесінің өзге жері ашық суреттер шариғат заңдарына қайшы екенін айтып, ел астанасында "исламдық емес суреттерді" жою процесі басталғанын жария етті.
 
Ауғанстан діни мемлекет болғанына қарамастан, тәліптер билікке келгенге дейін көшедегі жарнама тақтайшаларына, афишаларға, сөрелерге әйел суретін ілуге рұхсат еткен.
 
Адам құқығы мамандары тәліптердің билікке келуімен Ауғанстандағы әйел құқығы мәселесіне алаңдаушылығын жеткізіп жатыр. Бұған дейін Талибан ұйымы Ауғанстанды билеген 1996-2001 жылдары әйел құқығы қатты тапталған. Тіпті әйелдерге білім алуға, ер адамсыз тысқа жалғыз шығуға тыйым салынған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан әйел құқығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір